2025 ЖЫЛЫ ХАЛЫҚ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛМАҚ

2025 ЖЫЛЫ ХАЛЫҚ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛМАҚ

Халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы 50 нысанының құрылысына 19,8 млрд.теңге бөлінді. Соның ішінде, 34 нысанның құрылысы 2020 жылы аяқталса, 16 нысан құрылысы 2021 жылға өтпелі.

 
Жыл қорытындысымен 61 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылып, қамтылу деңгейі 82,2 % (560 мың адам) жеткізілді.
 
Нәтижесінде сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу көрсеткіші халық санымен:
- қалаларда 398 мың адам немесе 88,9 % құрады;
- ауылдық елді мекендерде 560 мың адам немесе 82,2 % құрады.
2021 жылы 22 сумен жабдықтау (16-өтпелі, 6 жаңа құрылыс) нысанының құрылысына 8,6 млрд.теңге қаржы қарастырылды. Соның ішінде, 18 жоба жыл соңына аяқталса, 4 жоба құрылысы 2022 жылға өтпелі.
 
Нәтижесінде сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу көрсеткіші халық санымен:
- қалаларда 408 мың адам немесе 91,0 %;
- ауылдық елді мекендерде 601 мың адам немесе 88,1 % жеткізу жоспарлануда;
Сонымен қатар, жалпы құны 12,1 млрд.теңгені құрайтын 15 жобаға (16 е.м., 47 мың адам) сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған жобалар кезекті республикалық бюджеттін нақтылауына ұсынылды.
 
Байзақ ауд.- 5 жоба (Аққия, Сарыбарақ, Базарбай, Үлгілі, Қызыл жұлдыз), Жамбыл ауд.- 1 жоба (Бесағаш-Түркісіб), Қордай ауд.- 5 жоба (Степное, Сарыбұлақ, Қайнар, Қарасу, Ноғайбай), Шу ауд.- 1 жоба (Көктөбе), Т.Рысқұлов ауд.-1 жоба (Жаңатұрмыс), Меркі ауд.- 1 жоба (Аңдасбатыр), Мойынқұм ауд.- 1 жоба (Ақсүйек).
Бұдан бөлек, орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында облыс көлемінде 36 жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Бекітілген стратегиялық жоспарға сәйкес 2025 жылға дейін қалалардағы және ауылдық елді мекендердегі халықтың орталықтандырылған ауыз суға қол жеткізу көрсеткішін – 100% жеткізу жоспарлануда.