Аудандарындағы орталық және автономдық қазандықтардың жай күйіне зерделеу жұмыстары жүргізілді

Аудандарындағы орталық және автономдық қазандықтардың жай күйіне зерделеу жұмыстары жүргізілді

Жылыту маусымының қалыпты өтуін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы 23-24 ақпан күндері басқарма басшысының орынбасары Р.Мұздыбеков, бөлім басшылары Д.Тунгатов, Е. Алтишев және тиісті кәсіпорындардан мамандарды тарта отырып, Талас, Жуалы, Байзақ, Жамбыл, Шу, Т.Рысқұлов, аудандарындағы орталық және автономдық қазандықтардың жай күйіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу барысында қазандықтардың жағдайы, температуралық графиктің сақталуы, жылыту отынының шығыны, резервтік отын қорының толық болуы, өрт сөндіру құралдарының болуы, өрт дабылының орнатылуы, резервтік дизель-генераторларының болуы және т.б. мәселелер қаралды.

Зерделеу нәтижесінде анықталған кемшіліктер және ұсыныстар алдағы уақытта жоспарланған облыс әкімнің орынбасары Ұ.Е. Жазылбектің басшылығымен өтетін 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымының өтуі туралы облыстық штаб отырысында қаралатын болады.