Бүгінде Жамбыл облысында ауқымды құрылыс жобалары жүзеге асуда десек, әсіресе, Қордай ауданы – алып құрылыс алаңына айналған

Бүгінде Жамбыл облысында ауқымды құрылыс жобалары жүзеге асуда десек, әсіресе, Қордай ауданы – алып құрылыс алаңына айналған

🔰Бүгінде Жамбыл облысында ауқымды құрылыс жобалары жүзеге асуда десек, әсіресе, Қордай ауданы – алып құрылыс алаңына айналған. Алғаш рет ауданды жеке дамытуға қосымша 35 миллиардтан астам теңге бағытталды. Бұл қаражат қалай игерілуде, қандай мәселелер бар, бүгінгідей пандемия кезінде жұмысшылар күші жеткілікті ме? Осы және өзге де сауалдар аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың облысымыздағы халқы ең тығыз орналасқан аталған ауданға кезекті жұмыс сапары барысында негізге алынды.

✅Тұрғындардың қалыпты өмір сүруі үшін ең алдымен шешілуі тиіс қажеттіліктердің бірі ол – таза ауыз су мәселесі. Сондықтан облыс әкімі аудандағы жұмыс сапарын Арал ауылындағы су қабылдағыш нысан және су құбырының құрылысы барысымен танысудан бастады. Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Орынбаевтың айтуынша, биыл бұл бағытта 2,7 миллиард теңгенің алты жобасы жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, Кенен ауылындағы су құбырын тарту жобасы тапсырылу кезеңінде десек, Қаракемер, Қордай және Отар ауылдарындағы жұмыстар 80%, Өтеген және Арал ауылдарында 90% аяқталған. Нысандар пайдалануға берілгеннен кейін орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 73-тен 78% дейін артады деп күтілуде.

➡️ Толығырақ zhambyl.gov.kz сайтында