Қазақ жеріндегі мемлекеттілікті нығайту - жаңа Конституция жобасында ерекше көрініс тапқан басты мақсаттардың бірі.
Бұл құжат еліміздің құқықтық, саяси және әлеуметтік дамуы үшін маңызды негіз болып табылады. Ол тек заңдық құжат қана емес, сонымен қатар азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы тәртіп пен әділдікті қамтамасыз ету мақсатында жасалған стратегиялық құрал болып табылады.
Қазақстан Республикасының жаңа Ата заң жобасын толық қолдаймыз.
Бұл құжат еліміздің егемендігін одан әрі бекітуге, құқықтық мемлекетті дамытуға, мемлекеттік билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау арқылы қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Конституция азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікті нығайтып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етеді.
Жаңа Конституция - заман талабына сай қабылданған, халық мүддесін бірінші орынға қойып жасалған маңызды стратегиялық құжат.
Ол еліміздің тұрақты дамуына сенімді құқықтық негіз қалдырып, ұлттық бірлікті нығайтуға, азаматтардың құқықтық санасын арттыруға және елдің ішкі және сыртқы саясаттағы сенімділігін күшейтуге үлкен үлес қосады.
Сонымен қатар, Конституция мемлекеттік институттардың тиімділігін арттырып, қоғамдағы демократиялық құндылықтардың нығаюына мүмкіндік береді.
Бұл құжат - еліміз үшін тарихи маңызы бар қадам. Оның әрбір баптары біздің болашағымыздың негізін қалыптастырады және Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуына ықпал етеді.
Сондықтан жаңа Конституцияны қолдау, оның нормаларын құрметтеу және іске асыру - әрбір азаматтың парызы және елдің тұрақты дамуына қосатын үлесі деп есептеймін.