«ТТТ Сервис» ЖШС филиалының жұмыскерлерімен профилактикалық жиналыс өткізілді

«ТТТ Сервис» ЖШС филиалының жұмыскерлерімен профилактикалық жиналыс өткізілді

2024 жылдың 6 мамырында «ТТТ Сервис» ЖШС филиалының қызметкерлері Қ.Исабеков, Ш.Искаков, Н.Салимбаевтар Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекция басқармасына келіп жазбаша арыз тастады. Жұмыс беруші «ТТТ Сервис» ЖШС тіркелген жері бойынша Жетісу облысында тіркелгендіктен жергілікті еңбек инспекциясы басқармасына 6 мамырында жолданды. Алайда «ТТТ Сервис» ЖШС-ң бас офисі Астана қаласында орналасқандықтан Жетісу еңбек инспекция басқармасы 13 мамырында Астана қаласына қарау үшін жолдады. Арызда көрсетілген уәждер бойынша жергілікті еңбек инспекциясымен жоспардан тыс тексеру жүргізіліп арыз иелеріне жазбаша жауаптары жолданатын болады.
Сонымен қатар 14 мамыр күні сағат 11.00 Тараз қаласында Жамбыл көлік прокуратурасымен бірлесіп Жамбыл облысы бойынша еңбек инспекция басқармасымен «ТТТ Сервис» ЖШС филиалының жұмыскерлерімен профилактикалық жиналыс өткізілді. Жиналыста жұмыскерлерге еңбек заңнамасының нормалары түсіндірілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда.