21.01.2024 жылы сағат 07.27 шамасында «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС – «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалының Шу станциясындағы вагон дайындау пунктінің екі теміржолшысын пойыз қағып, қайтыс болды.
Орын алған жазатайым оқиғаны тергеп-тессеру үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 188 бабының 3, 4, - тармақтарына сәйкес 2024 жылдың 22 қаңтардағы №11-Ө бұйрығымен Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасымен арнайы тергеп-тексеру комиссиясы құрылды.
Комиссия құрамына : басқарма тарпынан- комиссия төрағасы, басқарма басшысының міндетін атқаруша және мемлекеттік еңбек инспекторы және жұмыс беруші өкілі – «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС филиалы «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» Шу локоматив пайдалану депосы бастығының орынбасары, «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС филиалы «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалының бас инженері, «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС филиалы «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалының кәсіподақ төрағасы енді.
Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру үшін жазатайым оқиға орын алған жерге комиссия мүшелері шықты.