Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың 15 қарашасы күні Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Ажиров Аділет Ешенханұлы Мойынқұм ауданына іссапармен барып, Жамбыл мектеп-гимназиясынан түскен арызды қарастыру барысында еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында еңбек заңнамасы, оның ішінде еңбек құқықтары, еңбек демалысы және жалақы мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жұмысшылардың еңбекке қатысты сауалдарына заң аясында толықтай жауап берді.