Еңбек шартын ресімдемей жұмысқа орналасқанда адам қандай тәуекелге барады?

Еңбек шартын ресімдемей жұмысқа орналасқанда адам қандай тәуекелге барады?

Жұмыс істеген уақыт еңбек өтіліне есептелмейді;

 зейнетақы және басқа да әлеуметтік аударымдар жүргізілмейді; жалақыны сот тәртібімен толық көлемде өндіріп алудың мүмкін болмауы;

қызметкердің табысы мен төлем қабілеттілігін дәлелдеумен мәселелер туындайды (мысалы, банктік кредитті ресімдеу кезінде). Бұл тізімге жұмыс берушінің өз құқықтарын теріс пайдалануы да жатады;

 қызметкерге қосымша міндеттер жүктеу, заң бойынша берілетін кепілдіктер мен өтемақылар болмайды.

Сонымен қатар, бейресми жұмыспен қамтылған қызметкерлер ақылы демалыстардан, еңбекке жарамсыздық парақтарынан айырылады, сондай-ақ бұл бейресми жұмыс істейтін әйелдерге декреттік төлемдер мөлшеріне әсер етуі мүмкін. Осылайша, олар әлеуметтік сақтандыру, құқықтық қорғау және медициналық сақтандыру жүйесінен шығады. Сондықтан Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы жұмыс берушіден қол қойған еңбек шартының данасын талап етуді табанды түрде алуға кеңес береді. Жұмыс берушінің еңбек шартын жасамауы қолданыстағы заңнаманы бұзу болып табылады және міндетті түрде әкімшілік жауаптылығына әкеп соғады.