Ағымдағы жылдың 17 ақпанында «Тараз Химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағында «Еңбек заңнамасы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (2020 жылғы 4 мамырдағы еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер)» тақырыбында семинар өткізілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы - мемлекеттік еңбек инспекторы Е.Туребеков және бас маман – мемлекеттік еңбек инспекторы Ә.Ажиров өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы өзгерістер және жалпы еңбек заңнамасын сақтау мәселелеріне түсініктеме берді. Іс-шараға «Тараз Химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарма төрағасының м.а. К.Мукамбеткалиев, ішкі аудит және копплаенс бақылау қызметінің басшысы Д.Кадырманов, инженер – бас бухгалтер Е.Рахметов, құқықтық қорғау қызметінің басшысы К.Мухамеджанов және кадрлар және құжаттама қызметінің басшысы М.Абзелбекова қатысты.

 Семинардың негізгі мақсаты өндірістік жарақаттанудың, еңбек жанжалдарының және жалақы бойынша қарыздарының қалыптасуының алдын алу болып табылады.