Жамбыл облысында «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» тақырыбында семинар өтуде

Жамбыл облысында «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» тақырыбында семинар өтуде

Жамбыл облысында Ұлттық экономика министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» тақырыбында семинар өтуде.

Аталған шараға Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ, республиканың 5 өңірінен келген арнайы сала мамандары қатысуда.

Семинар барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, ҚР ҰЭМ Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Нұрлан Мақсұтов сөз сөйледі. Министрлік өкілдері Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі мақсаттарына тоқталды. Сондай-ақ, бұл бастама ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеріп, тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыруға бағытталғанын жеткізді.

Жиын барысында «Ауыл – ел бесігі», «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобаларының өңірде іске асырылу барысы баяндалды.

Айта кетейік, мемлекеттік орган өкілдері, өзге өңірлерден келген делегация бүгін Жамбыл, Байзақ аудандарында болып, «Ауыл – ел бесігі», «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобалары аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысатын болады.