Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасында өткізілген құқықтық оқу семинарының ХАТТАМАСЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және  бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік әкімшілік  қызметшілері арасында өткізілген құқықтық оқу семинарының   ХАТТАМАСЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және

бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік әкімшілік

қызметшілері арасында өткізілген құқықтық оқу семинарының 

ХАТТАМАСЫ

 

Тараз қаласы                                                                                              10 шілде 2026 жыл 

 

Төрағалық етуші: Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандугаш Ермахановна Абдралиева.

Қатысқандар: Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау  басқармасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері (тізімі қоса тіркелген).

 

                                       КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

 

  1. Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізудің қорытындысы нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы;
  2. Әр-түрлі мәселелер.

 

С.Абдралиева құқықтық оқу-семинарды ашып, жүргізіп отырды. Төрайым, күн тәртібіндегі мәселе бойынша Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізудің қорытындысы нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес әрбір ісшараға тоқталып түсіндірме берді және қойылған сұрақтарына нақты жауаптар берді.

 

Төрайым күн тәртібіндегі мәселені қортындылай келе басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне төмендегілерді тапсырды:

  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының талаптарын жұмыста басшылыққа алсын;
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын жұмыста басшылыққа алсын;
  3. Басқарманың салалық бөлімдері басқарма қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жұмыстарды тұрақты жүргізсін;
  4. Басқарма қызметінде мүдделер қақтығысына жол бермеу жұмыстарын басшылыққа алсын;
  5. Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің ұсынымдарын уақтылы тіркеу, жауабын сапалы, тиісті мерзімінде орындау жұмыстарын басшылыққа алсын және дербес жауапкершілікте болатыны ескертілсін;
  6. Сыбайлас жемқорлық сипатта құқық бұзғаны үшін және жемқорлық көріністерінің барлық фактілеріне жариялылықты қамтамасыз етсін (Сыбайлас жемқорлықтың көріністерін оның ішінде; қолданыстағы заң нормаларына қарама қайшы жасалған іс әрекеттер, пара алу-беру фактілерін байқаған жағдайларда 1424 жедел желісіне хабардар етсін);
  7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша өз-ара және жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен қарым-қатынаста (сөйлесу), қоңырау шалу және қоңырауға жауап беру кезінде телефонмен сөйлесу әдебін қатаң сақтасын;
  8. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарын басшылыққа алсын (басқарманың жұмыс жасау кестесіне сәйкес «Е-Қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде дербес ID картасымен кіру және шығуды уақтылы тіркесін);
  9. Басқарманың бас маманы-бухгалтері Л.Боботаева Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының 6-тармағына сәйкес, іссапарға жіберілген басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне іс сапарға кетер алдында жол жүру ақысын, тұрғын үй-жай жалдау бойынша шығыстарды төлеуге тиесілі сомалары және тәулікақысын уақтылы төлесін.
  10. Осы хаттаманың мазмұнымен Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері таныстырылсын.  

 

 

          Төрайым,

Басқарма басшысы                                                               С.Абдралиева

 

         

                     Хатшы,

Басқарманың бас маман-заңгері                                        Н.Ашанов