Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша ақпараты

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және  бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша  ақпараты

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және

бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша

ақпараты

 

«Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (Бұдан ары – Басқарма)  қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қарашада №14441 болып тіркелген) бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.

Жамбыл облысы әкімі аппарат басшысы Л.Ілебаевпен                             2026 жылғы «17» сәуірінде бекітілген 2026 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесін басшылыққа алды. 

       Басқарма  басшысының 2026 жылғы «30» сәуірдегі «Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №_15-б_ бұйрығымен құрылған жұмыс тобы жүргізді.

       Басқарманың қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылдың екінші жартыжылдығы мен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы кезеңі қамтылды.

2026 жылдың 21 мамырында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғандығы туралы хабарландыру басқарманың ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланды.

Сонымен қатар, басқарманың әлеуметтік желілерінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау           2026 жылғы 10 шілдесінде өтетіндігі туралы да хабарланды.

Басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерінің қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген тұжырым жасалынды.

         2026 жылдың 10 шілдесі күні жария талқылаудың нәтижесімен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмысшы топ құрамымен қорытынды жиын өткізіліп, талдамалық анықтамаға қол қойылды және бекітіледі.

Осыған сәйкес, 2026 жылдың 10 шілдесі күні талдамалық анықтамасына жария талқылау өткізілген деп есептеліп, басқарманың интернет ресурстарында жарияланды.