ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ
«Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі
талдау нәтижелері туралы
(атауын көрсету)
Тараз қаласы «10» шілде 2026 жыл
КІРІСПЕ БӨЛІМ:
«Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (Бұдан ары – Басқарма) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қарашада № 14441 болып тіркелген) бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді.
Сонымен қатар, басқарма 2026 жылдың 17 сәуіріндегі облыс әкімі аппаратының басшысы Л.Ілебаевпен 2026 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесін басшылыққа алды. Аталған кестеге сәйкес басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылдың «01» маусымы мен «20» шілдесі аралығында жүргізілді. Ішкі талдаумен 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы кезеңі қамтылды.
Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды басқарма басшысының 2026 жылғы «30» сәуірдегі «Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» №_15-б_ бұйрығымен (көшірмесі қоса тіркелген) бекітілген жұмыс тобы жүргізді.
Атап айтқанда, басқарманың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін жұмыс тобының құрамы төмендегіше құрылған;
|
Мыхаев Нурбек Сейдуалиевич |
- |
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, комиссия төрағасы;
|
|
Жамалбеков Рәпілбек |
- |
Зейнеткер, экономика және бюджеттік жоспарлау саласының ардагері, комиссия мүшесі;
|
|
Ордабаев Ерик Серикович |
- |
Басқарманың мемлекеттік аппарат, қорғаныс және құқық қорғау органдарының шығындарын жоспарлау бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;
|
|
Сагынбекова Аида Конысбаевна |
|
Басқарманың жинақтау-талдау бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі; |
|
|
|
|
|
Боботаева Лайла Торехановна |
- |
Басқарманың бас маман-бухгалтері, комиссия мүшесі; |
|
Ашанов Нуржан Сайлауханович |
- |
Басқарманың бас маман-заңгері, комиссия хатшысы;
|
____________________________________________________________________________________________________________________(сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізген құрылымдық бөлімше/жұмыс тобы/ тартылған мамандар мен сарапшылардың лауазым атауы, аты-жөні)
Сипаттама бөлігі:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобымен басқарманың өзінің қызметінде басшылыққа алатын кодекстер, заңдар, нормативті құқықтық актілер, құқықтық актілер қарастырылды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының бюджет, еңбек кодекстеріне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңдарына, «Қазақстан – 2050» Стратегиясына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» қаулысына, сонымен қатар, мемлекеттік жоспарлау, мониторингілеу жүйесін және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне және басқарма басшысының бұйрықтарына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді.
Сонымен қатар, Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы «_28_»_шілдедегі_ № _223_ қаулысымен (Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қазандағы № 209 қаулысымен өзгеріс енгізілген) бекітілген «Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесіне сәйкес негізгі 3 (үш) міндеті бойынша және 23 (жиырма үш) функциясына талдау жасалынды.
Ережеге сәйкес басқарманың Миссиясы: бюджеттік жоспарлау, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу мен іске асыруда ведомствоаралық және салааралық үйлестіру, өңірлік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру мәселелері бойынша өкілеттілікті атқару.
Ал, міндеттері:
1) Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру, мемлекеттік басқару жүйесінің құжаттарын әзірлеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына мониториг жүргізу және бағалау;
2) жоспарлы кезеңге облыс бюджетін әзірлеу және қалыптастыру;
3) өңірлік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру болып табылады.
Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ. Ережені өзектендіру ұсынылады.
Басқарманың құрылымы 1 (бір) басқарма басшысы, 2 (екі) басқарма басшысының орынбасарынан, 3 (үш) әкімшілік бас маманнан (Оның ішінде: бас маман-заңгер, бас маман-бухгалтер және бас маман-кеңсе қызметкері) және 6 (алты) салалық бөлімнен тұрады. Атап айтқанда;
2021 жылдың қарашасынан бастап, мемлекеттік қызметке қабылдаудың барлық конкурстық рәсімдерін облыс әкімі аппаратының жанынан құрылған конкурстық комиссиясы мен персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (бөлімі) жүзеге асырады. Сондай-ақ, мемлекеттік әкімшілікке қызметке кіру жұмыстары цифрландырылған, конкурс e-kyzmet ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты басқармада персоналды басқару бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ықтыймалдығының көрінісі төмен.
Талдау жүргізілген мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшырайтын лауазымдар қатарына жататын Басшы, басшының орынбасарлары, бөлім басшылары және бас мамандар тарапынан басқарушылық шешімдер қабылдау, лауазымды адамның немесе оның туыстарының материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға не өзге де жеке мүдделілікке байланысты жеке мәселелерді шешу кезінде қызметтік өкілеттіктерін пайдалану бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын себептер анықталған жоқ.
Сонымен қатар, басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды (көшірмесі қоса тіркелген) айқындалып, порталға орнатылды.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес мүдделер қақтығысы - мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін болатын кездегі мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделері мен оның лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық.
Егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, мемлекеттік қызметшінің лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыруына тыйым салынады. Ол туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкіндігі туралы өзіне белгілі болған сәтте өзінің тікелей басшысына немесе мемлекеттік органның басшылығына жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстарының тікелей бағынысында бола алмайды.
Есептік кезеңде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
Басқарма құзыретінде «Дипломмен ауылға» жобасы аясында «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 желтоқсанда № 9946 тіркелген) сәйкес мемлекеттік қызмет түрі бар.
Алайда, басқарма аталмыш мемлекеттік қызмет түрі бойынша әкімшісі ретіндегі функцияны атқарады. Ал, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің осы түрі бойынша негізгі жұмыстарды аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдері арқылы жүзеге асырылады.
Осыған сәйкес мемлекеттік қызмет алушылармен басқарманың мемлекеттік қызметшілері арасында тікелей байланыс жоқ болғандықтан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің қауіпі төмен.
Басқарманың Ережесіне сәйкес рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.
Басқарманың Ережесіне сәйкес бақылау функциялары жоқ.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасынының 2024 жылғы 01 шілдедегі Заңына сәйкес 2025, 2026 жылдарға тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспары бекітілген. Ол электронды мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланды. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен бюджеттік бағдарламалар негізінде әзірленді және бекітілді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік сатып алулар басқарма бекіткен жылдық жоспарға сәйкес «Мемлекеттік сатып алу порталында» жүзеге асырылады.
Барлық шарттар заңнамада белгіленген мерзімде жасалады, шарттардың орындалуы мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттарда белгіленген мерзімдерге сәйкес қатаң бақыланады. Есептік кезеңде шарттық міндеттемелерді жеткізушілер тарапынан бұзушылықтар фактісі орын алған жоқ.
Басқарма қызметінде келесі ақпараттық жүйелер пайдаланылады:
«Documentolog 7», «e-otinish.gov.kz», «e-qyzmet» ақпараттық жүйелерін, «1С – мекеме», электронды «Банк-Клиент» бағдарламаларын, мемлекеттік сатып алудың WEB-порталын пайдаланады.
Сонымен қатар, «AI Qyzmet» бағдарламасы бойынша 2025 жылы басқарманың 28 (жиырма сегіз) мемлекеттік қызметшісі және 2026 жылы 3 (үш) мемлекеттік қызметшісі жасанды интеллект дағдылары бойынша оқытудан өтті.
Басқармада ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Басқарма бойынша жеке және заңды тұлғалардың ұсынымдарына мониторинг жүргізілді. Есептік кезеңде жеке және заңды тұлғалардың ұсынымдарын қарау бойынша мерзімін бұзып орындалған 1 факт анықталды. ҚР Бас прокуратураның Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша
департаментінің 30.04.2026 жылғы № 2-20-26-01020 хаты негізінде басқарма басшысының 2026 жылғы 3 маусымдағы «Тәртіптік жаза қолдану туралы» №15-ж/қ бұйрығымен өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мемлекеттік аппарат, қорғаныс және құқық қорғау органдарының шығындарын жоспарлау бөлімінің бас маманы Г.Сагиндиковқа ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Анықтау мәнінде бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізіліп, басқарманың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты теріс ақпараттар анықталған жоқ.
Қосымшалар:
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша 2025 жылдың екінші жартыжылдығы және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы аралығы кезеңіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген нәтиже беретіндігін мәлімдейді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша құрылған жұмыс тобы төмендегідей ұсыным жасайды:
Жамбыл облысы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы
басшысының орынбасары, сыбайлас
жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың
жұмыс тобының төрағасы: ________________ Н. Мыхаев
(ФИО, қолы)
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобының мүшелері:
Зейнеткер, экономика және бюджеттік
жоспарлау саласының ардагері ________________ Р. Жамалбеков
(ФИО, қолы)
Басқарманың мемлекеттік аппарат,
қорғаныс және құқық қорғау органдарының
шығындарын жоспарлау бөлімінің басшысы_____________ Е. Ордабаев
(ФИО, қолы)
Басқарманың жинақтау-талдау
бөлімінің басшысы ________________ А. Сагынбекова
(ФИО, қолы)
Басқарманың бас маман-бухгалтері ________________ Л. Боботаева
(ФИО, қолы)
Басқарманың бас маман-заңгері,
комиссия хатшысы; ________________ Н. Ашанов
(ФИО, қолы)
Таныстым:
Жамбыл облысы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының
басшысы ______________________ С.Абдралиева
(мем.мекеме/ұйым басшысы, ФИО, қолы)