
Ағымдағы жылдың 19 маусымында Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында мемлекеттік әкімшілік қызметшілер арасында құқықтық оқу семинары өткізілді.
Іс-шараға басқарма басшысы С. Абдралиева төрағалық етіп, семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және кәсіби жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Семинар аясында қатысушыларға бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсітуге, сондай-ақ олардың заңды құқықтары мен беделіне нұқсан келтіретін кез келген әрекеттерге жол бермеу қажеттілігі түсіндірілді.
Құқықтық оқу барысында мемлекеттік қызметшілердің қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру, әдеп қағидаттарын сақтау және мемлекеттік қызметтің беделін арттыру бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.