
Ағымдағы жылдың 19 маусымында Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында мемлекеттік әкімшілік қызметшілер арасында «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында құқықтық оқу семинары ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға «Заң мен Тәртіп» идеологиясының негізгі бағыттары, оның қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы маңызы, заң талаптарын сақтау және азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелері түсіндірілді.
Аталған идеология – қоғамда құқықтық сана мен заңға құрмет мәдениетін нығайтуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды бастама.
Семинар қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге құқықтық нормаларды сақтау, қызметтік міндеттерін адал орындау және қоғамдағы құқықтық құндылықтарды насихаттау бағытында тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.