
Ағымдағы жылдың 4 шілдесінде облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Ермаханқызы Абдралиеваның төрағалығымен өткен жиында Жамбыл облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары аясында белгіленетін Түйінді ұлттық индикаторлардың жоспарлы мәндерін айқындау мәселесімен қатар, ауыл тұрғындарын Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес көрсетілетін әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз ету шаралары талқыланды.