"БЖЗҚ" АҚ-дағы ашық есік күні: зейнетақы жүйесіндегі құқықтар және алаяқтықтан қорғану жолдары туралы айтамыз

"БЖЗҚ" АҚ-дағы ашық есік күні:  зейнетақы жүйесіндегі құқықтар және алаяқтықтан қорғану жолдары туралы айтамыз

Хабарландыру

 

"БЖЗҚ" АҚ-дағы ашық есік күні:

зейнетақы жүйесіндегі құқықтар және алаяқтықтан қорғану жолдары туралы айтамыз

 

         2025 жылғы 11 маусымда "БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) онлайн-форматта "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбында "Ашық есік күнін" өткізеді.

Мақсаты – халықтың  зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар, алаяқтық схемалардан қорғану тәсілдері, сондай-ақ тікелей "БЖЗҚ" АҚ-дан сенімді ақпарат алудың маңыздылығы туралы түсініктерін арттыру.

Іс-шараны өткізу барысында қатысушыларға ақпаратты ресми көздерден және тікелей Қордан алудың неліктен маңызды екендігі, қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатындығы, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екендігі туралы түсініктемелер беріледі.

Бұған қоса, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға келушілерге жеке кеңес береді.

«Ашық есік күні» 2025 жылдың 11 маусымы күні онлайн-форматта сағат 10-00, 12-00, 15-00 өткізіледі.

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.

Сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз

2025 жылдың 11 маусымында   сағат  10-00 сілтеме:

         
             https://enpf.webex.com/weblink/register/rc46122e1cc2dd35db496fac227f1701b

Еvent-мәжіліс нөмірі: 2513 989 4040

Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 00000

 

2025 жылдың 11 маусымында      сағат  12-00 сілтеме:


https://enpf.webex.com/weblink/register/r17250414f8057c6fb7b4e569912b852a

Еvent-мәжіліс нөмірі: 2513 585 1128

Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 00000

 

2025 жылдың 11 маусымында  сағат  15-00 сілтеме:


https://enpf.webex.com/weblink/register/rbdf05a64b49a158309a91d659f0a375a

Еvent-мәжіліс нөмірі: 2514 522 4758

Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 00000

 

 

"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын, алушыларын, БАҚ өкілдерін және қатысуға ниетті барлық азаматтарды «Ашық есік күнінде» қуана күтеді!