Қазақстан Руспубликасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 7-11 сәуір аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Жамбыл облысына іс-сапарға барды.
Аталған іс-сапардың мақсаты Халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және діни экстремизмнің алдын алу.
Облыста жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Ботақараев Бауыржан Қуанышбайұлы – “Нұр-Мұбарак” Египет ислам мәдениеті университеті оқытушысы, PhD доктор, Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы – «Ақ Ниет» Қоғамдық қорының Шымкент қаласы бойынша жетекшісі, Мутанов Самғат Маратұлы – Жамбыл облысы «Дін істері басқармасының» бас маманы, теолог, Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы – Жамбыл облысы Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы, теолог, Тілеухан Бақдаулет Мамырханұлы -Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» басшы орынбасары, психолог, дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері Тараз қаласы, сондай-ақ Жамбыл, Байзақ және Жуалы аудандарында болды. Олар халық арасында Қазақстанда өмір сүретін барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт қатар өмір сүруі мен әрекеттесуіне бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасы, деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың қауіптілігі туралы өңір тұрғындарын ақпараттандыру және т. б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жоғары оқу орны студенттері, мектеп оқушылары, медресе-колледж студенттері, ауыл тұрғындары және т.б. топтар қамтылды.