«Дін мен заң сабақтастығы» жобасы аясында Т.Рысқұлов ауданында кездесулер өтті

«Дін мен заң сабақтастығы» жобасы аясында Т.Рысқұлов ауданында кездесулер өтті

A.ж. 4-7 наурыз күндері облыс әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруы мен Дін проблемаларын зерттеу орталығы қызметкерлерінің «Дін мен заң сабақтастығы» жобасы аясындаТ.Рысқұлов ауданында халық арасында діни қызмет саласындағы заңнама мен өзекті мәселелер бойынша профилактикалық жұмыстары басталып, кездесулер өтті. Кездесу барысында дінтанушы, теолог мамандарымен өзге ұлт өкілдері, мектеп, колледж оқушылары, жастар, мекеме ұжымдары, полиция қызметкерлері, спортшылар мен жаттықтырушылар, өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар,  кәсіпкерлер мен сауда қызметкерлері, мешіт жамағаты, шіркеу қызметшілері сынды нысаналы топтарға интернет желісіндегі деструктивті діни ақпараттар тарату қатері, лудомания, нашақорлық, ысырапшылдық және отбасындағы зорлық-зомбылық, заң-діни сенім бостандығының кепілі т.б. тақырыптары тарқатылып, талқыланды.