2025 жылғы19ақпан күні облыс әкімі орынбасары С.Салемовтың төрағалығымен өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде Жамбыл облысы әкімдігі
дін істері басқармасының басшысы С.Мыңбаевтың 2024 жылы атқарған жұмыстары мен 2025 жылғы жоспарлары туралыесебі тыңдалды.
Басқарма басшысы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында тиісті жұмыстар жүргізілгені және өткен жылдың қорытындысымен кешенді жоспардың нысаналы индикаторлары мен тармақтары толығымен орындалғанын баяндады.
Облыс аумағының барлық аудандарының дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері, мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыруға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға мүдделі жергілікті атқарушы органдары және құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстары да атап өтілді.
Сонымен бірге, өңірде мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасты орнатып, конфессиялар арасындағы өзара келісім әрекеттестігін дамыту жолында бірқатар атқарылған жұмыстар туралы айтылды.
Басқармамен жастар көп пайдалатын Instagram, Facebook, Telegram, Tiktok сияқты әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері арқылы деструктивті діни контенттерге қарсы бейнеролик, инфографика, тақырыптық мақалалар әзірленіп, әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылғаны жайлы жеткізілді.
Баяндама соңында 2025 жылда алда тұрған мақсатты жұмыстармен таныстырылып, алқа мәжіліске қатысушылармен дін саласында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берілді.