
1) 2025 жылғы 10 қаңтарда Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Заңға қол қойды.
Аталған Заңның аясында діни қызмет саласындағы жауаптылықты көздейтін 490-баптың бірінші, үшінші және жетінші бөліктерінде «ескерту» институты енгізілді.
Сонымен қатар,490-баптың бірінші, екінші, үшінші және жетіншібөліктерді бұзу бойыншаәкімшілік айыппұлдардың мөлшері 50%-ға азайтылды.
2) Өзгерістер енгізілгенге дейін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 490-баптың бірінші бөлігін бұзу жеке тұлғаларға 50, заңды тұлғаларға қызметін үш ай мерзімге тоқтата тұрып, 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келді.
Бүгінгі таңда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 490-бабының бірінші бөлігін бұзу, жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе 25, заңды тұлғаларға үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұра отырып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3)Өзгерістер енгізілгенге дейін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Қазақстан Республикасының Кодексінің 490-бабының екінші бөлігін бұзу жеке тұлғаларға 50, лауазымды адамдарға 100, заңды тұлғаларға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқты.
Бүгінгі таңда,«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Қазақстан Республикасының Кодексінің 490-бабының екінші бөлігін бұзу, яғни заңды діни қызметке кедергі жасау, сол сияқты жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарын бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру, егер жоғарыда аталған барлық іс–әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, жеке тұлғаларға 25, лауазымды адамдарға 50 заңды тұлғаларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4) Өзгерістер енгізілгенге дейін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Қазақстан Республикасының Кодексінің 490-баптың үшінші бөлігін бұзуҚазақстан Республикасының азаматтарына 100 АЕК мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқты.
Бүгінгі таңда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 490-бабының үшінші бөлігін бұзу, яғни миссионерлік қызметті тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысынсыз діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды пайдалануы, Қазақстан Республикасында тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімін таратуы –Қазақстан Республикасының азаматтарына ескерту жасауға не 50 АЕК мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5) Өзгерістер енгізілгенге дейін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 490-бабының жетінші бөлігін бұзуҚазақстан Республикасының азаматтарына 50 АЕК мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқты.
Бүгінгі таңда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 490-бабының жетінші бөлігін бұзу, яғни уәкілетті органмен келіспей шетелдік діни орталық тағайындаған адамның діни бірлестікті басқаруы, сол сияқты діни бірлестік басшысының кәмелетке толмаған адамның ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолданбауы – Қазақстан Республикасының азматтарына ескерту жасауға немесе 50 АЕК мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6) Ағымдағы жылғы 10 қаңтарда«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды.
Аталған Заңның шеңберіндедіни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастыру процедурасы жеңілдетілді.
Енгізілген өзгерістердің арқасында тұрақты үй-жайлардың орналастыруынбекіту рәсімі келісуге ауыстырылды.
Егер бұрын жергілікті атқарушы органдар тұрақты үй-жайлардың орналастыруын әкімдіктің қаулысымен бекіткен болса, қазір процессті жеделдетуге мүмкіндік беретін тек хатпен ресми жауап жеткілікті.
Дегенмен, тұрақты үй-жайларміндеттітүрде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 89 бұйрығымен бекітілген Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықтыңталаптарынасәйкескелуі керектігінқызмет алушылардың есіне саламыз.