Ата-аналарға арналған нұсқаулық

Ата-аналарға арналған нұсқаулық

 Ата-аналардың басты жауапкершілігі- саналы, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу. Соңғы уақытта елімізде балаларға қатысты қайғылы жағдайлар жиілеп кетті.Осы орайда, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін психолог мамандардың кеңесіне зер салған жөн. Мамандар жасөспірімдердің әлеуметтік желіде кіммен араласатынына, қандай парақшаларға жазылғанына мән беру керек дейді. Айталық,  күмәнді, күдікті топтарға, сонымен қатар жағымсыз пікірлер жазылатын парақшаларға тіркелмеуін қадағалау өте маңызды. Егер баланың көңіл күйіндегі немесе іс-әрекетіндегі өзгерістер мен оғаш қылықтарды байқасаңыз, дер кезінде көмек беруге асығу керек. Ең бастысы, бала мен ата-ана қарым-қатынасында беріктік, сенім орнатудың маңызы зор.