Дін саласында жұмыс атқаратын мамандарға арналған облыстық 2 күндік оқыту семинары өтті

Дін саласында жұмыс атқаратын мамандарға  арналған облыстық 2 күндік оқыту семинары өтті

Өңір тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында 2024 жылдың сәуір айының 23-24 күндері Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен дін саласында жұмыс атқаратын мамандарға арналған облыстық екі күндік оқыту семинары өтті.

Аталған семинарға облыс аумағының барлық аудандарының дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыруға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға мүдделі жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мешіт имамдары мен теолог мамандар қатысып, 150-ге жуық адам қамтылды.

Оқыту семинарын арнайы шақырылған республикалық маңызы бар лекторлар, атап айтқанда «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті және Түркістан қаласының дінтанушылары мен оқытушылары,  психологтар мен блогерлері жүргізіп, актуалды тақырыптарда дәрістер оқыды. Тақырыптардың бірі - діни гомилетика (дағуат) призмасындағы радикалды көзқарастардың шығу себептері болса, келесісі - Қазақстан Республикасындағы діни сенім бостандығының кейбір құқықтық аспектілері.

Сонымен бірге, казіргі заманға сай Интернет жүйесінде жұмыс жасау үшін заманауи тәсілдерімен арнайы шақырылған SММ маманы да өзінің әдістерімен бөлісті.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.