Мойынқұм ауданы, пробация бөлімінде тіркеуде тұрғандармен кездесу өткізілді

Мойынқұм ауданы, пробация бөлімінде тіркеуде тұрғандармен кездесу өткізілді

Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» бөлім басшысы А.Сабырулының қатысуымен, «Дәстүрлі құндылықтар керуені» жобасы аясында «Дәстүрлі құндылықтар және тарихи тұлғалар» тақырыбында Мойынқұм ауданы, пробация бөлімінде тіркеуде тұрғандармен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында діндердің пайда болу тарихы, дәстүрлі дін және дәстүрлі емес діндерді ажырату жолдары, дін саласына қатысты заңдар барысы сөз етілді.

Қоғамдағы конфессияаралық және дінаралық қатынасты сақтау, радикалдық діни идеологияны алдын-алу, діни сауаттылықты қалыптастыру және интернет желісіндегі күмәнді діни парақшаларға тіркелмеу мен қоса дін ұстанушылар арасынан радикалды көз-қарасты тұлғаларды анықтау.