«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» тақырыбында кездесу өтті

«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» тақырыбында кездесу өтті

Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторы Б.Бекмолдаев Тараз қаласының «С.Нурмағанбетов а-ғы №10 орта мектебі» 9-11 сынып оқушыларына «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу мақсаты заман талабына сай жастардың және ҚР азаматтардың діни сауаттылықты қалыптастыру. Кездесуде терiс дiни ағымдардың мәнiсi туралы мен жастардың деструктивтi дiни ұйымдарға түсiп кетуiнiң зиянды ықпалы туралы сөз қозғады. Сонымен қатар қатысушыларға лаңкестік әрекеттерге шақыратын аудио, бейне, мәтіндік материалдарды ғаламтор-ресурстарында жариялаудың, экстремистік мазмұндағы ақпараттарды әлеуметтік желілерде таратудың жауапкершіліктері туралы түсіндірілді.Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.