Облыс әкімдігінің дін істері басқармасының 2022 жылы дін саласында атқарылған жұмыстар туралы есебі өтті

Облыс әкімдігінің дін істері басқармасының 2022 жылы дін саласында атқарылған жұмыстар туралы есебі өтті

2023 жылдың 23 қаңтарында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаевтың төрағалық етуімен облыс әкімдігінің дін істері басқармасымен 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп отырысы өтіп, онда Басқарма басшысы С.Мыңбаев арнайы баяндама жасады.

Отырысқа облыс әкімдігінің салалық басқармаларының басшылары, облыстық полиция және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің өкілдері, облыс әкімдігінің терроризмге қарсы іс-қимыл қызметін үйлестіру бөлімінің басшысы, діни бірлестіктердің өкілдері, Тараз қаласы мен облыс аудандары әкімдерінің орынбасарлары және ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты.

Басқарма басшысы С.Мыңбаев жиын барысында «Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның» орындалу нәтижесіне, сондай-ақ дін саласында жыл ішінде әр түрлі бағыттарда Басқармамен атқарылған жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды.

Сондай-ақ, жиналғандар алдында облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Қ.Жарылғапов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыс бойынша бас имамы Б.Мырзагелдиев және Орыс-Православие шіркеуінің протоиерейі Юрий Павлович діни экстремизмнің алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар туралы сөз сөйледі.

Кездесу соңында облыс әкімінің орынбасары Е.Үйсімбаев теріс діни идеологияларға қарсы одан әрі профилактикалық жұмыстарды күшейтуді, дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысын жетілдіру және өңірдегі конфессияаралық келісімді одан әрі нығайту туралы тиісті тапсырмалар берді.