"Рождество Христово" мерекесіне орай іс-шаралар өтті

"Рождество Христово" мерекесіне орай іс-шаралар өтті

2022 жылдың 25 желтоқсаны мен 2023 жылдың 7 қаңтарда өңірдегі  православие мен кейбір протестанттық бағытындағы жергілікті діни бірлестіктердің ұйымдастыруымен христиандарын «Рождество Христово» мейрамы атап өтілді. Сол сияқты, аталған күндері Тараз қаласы мен Жуалы, Талас, Т.Рысқұлов, Меркі, Шу, Қордай ауданындағы Православие мен протестанттық бағытындағы шіркеулерде «Рождество Христово» мерекесіне арналған салтанатты литургиялар өтіп, шіркеуге келушілер қатысты. Облыс бойынша  аталған іс-шараларға шамамен 1500 жуық адам қатысты. Облыс және аудандардың БАҚ беттерінде әкімдердің «Рождество Христово» мерекесіне орай Православие  бағытындағы христиандарының діни басшылары мен өкілдерінің облысымыздағы дінаралық және мемлекет пен конфессиялар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді сақтауға, азаматтардың рухани құндылықтарын тәрбиелеудегі  қосқан үлестерін атап өтіп, құттықтау сөздері жарияланды. Аталған мереке өткен өңірдегі шіркеулерге облыс әкімдігі дін істері басқармасының қызметкерлері тарапынан зерделеулер жүргізілді. Жалпы аталған мереке өту барысында қоғамдық және діни ахуалдың тұрақты болды.