«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы мұғалімдеріне арналған онлайн-семинар өткізілді

«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы мұғалімдеріне арналған  онлайн-семинар өткізілді

Ағымдағы жылдың 26 тамызында облыс әкімдігі дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыстағы білім беру мекемелерінде «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы мұғалімдеріне "Zoom" платформасы арқылы онлайн семинар өткізілді.
Семинарда Қ.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы, дінтанушы Оразбай Сержан «Қазақ ғұламаларының діни-философиялық және моральдік көзқарастары» тақырыбында және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, Қаңтарбаева Жанна «Ценности цвеского государства» тақырыптарында дәрістер оқыды.
Семинардың мақсаты – ұстаздарға аталған курс бойынша әдістемелік көмек көрсету және білім ордаларында дінтану бағытында оқытылатын тақырыптар бойынша түсіндіру.
Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.