Әскерилермен кездесу

Әскерилермен кездесу

2021 жылдың 15 наурызы күні «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің қызметкері Е.Жақыпов  әскери бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

 

Кездесудің мақсаты: әскери қызметкерлерді әлемде және елімізде болып жатқан діни процестермен және әртүрлі радикалды діни ағымдар туралы ақпараттандыру, қоғамда террористік және экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу бойынша жұмыстардың формалары мен әдістерді түсіндіру. Сонымен қатар, кездесу барысында елімізде соттың шешімімен тыйым салынған экстремистік ұйымдар туралы толық ақпарат берілді. Дәстүрлі емес діни ағымдар жастардың санасын қалай улайтыны және осы арбаудан қалай арылу жолдары туралы  тереңінен айтылды. Басшыға және жарғыға бағыну қағидаларын ұстану жайлы толыққанды баяндалды. Жат пиғылды діни ағымдардың төзімсіздік қасиетінің салдарынан еліміздің тұрақтылығы мен бірлігіне нұқсан келтіретіні баяндалып, іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.