Рухани Келісім күні қарсаңында 2026 жылғы 30 қыркүйекте Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасымен конфессияаралық келісімді, әртүрлі діндер арасындағы бір-біріне деген толеранттық қатынасты одан әрі нығайту, сондай-ақ қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, конфессияаралық және этносаралық диалог орнату, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени, рухани, сәулеттік мұрасымен танысу мақсатында өңірде қызмет атқаратын исламдық және христиандық бағыттарының әртүрлі конфессия өкілдерінің қатысуымен (аймақта түрлі діндерді білдіретін 11 конфессия қызметін жүзеге асырады) Түркістан облысы, Түркістан қаласында орналасқан көрмелер, мұражайлар, тарихи орындарға бару ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысушыларға Көне Түркістан қаласының тарихи орындары мен көрікті жерлеріне барудың бағдарламасы (экскурсия) ұсынылды. Сол сияқты, қатысушылар Х.А. Яссауи, Арыстанбаб кесенелеріне, Ақмешіт үңгірі, "Керуен Сарай" туристік кешеніне және басқа да тарихи орындарға барды
Кездесу барысында қатысушылар алдағы "Рухани келісім күні" мерекесімен құттықтауларымен алмасты сондай-ақ өңірдегі түрлі конфессиялар мен этностар өкілдерінің өзара түсіністігін, бір-бірімен толерантты қарым-қатынасын одан әрі дамыту үшін осындай іс-шараларды алдағы уақытта да өткізуге тілектерін білдірді.