
2026 жылдың 5 қыркүйек күні облыс әкімдігі дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Президенттің Жолдауында ұсынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті.
Тазалық жұмыстары Талас өзенінің бойында жүргізілді. Экологиялық акцияға Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Е.Ақбай басқарған ұжымы қатысып, өзен жағалауын тазарту жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге, аталмыш акцияға Тараз қаласында орналасқан діни бірлестіктер өкілдері өз үлесін қосты. Сол сияқты, ислам және христиан бағытындағы діни өкілдері, келушілер тазалау жұмыстарына белсенді қатысты.
Еркебұлан Ақбай, мұндай экологиялық акциялардың қоршаған ортаны қорғаудағы және қала тазалығын сақтаудағы маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, табиғатқа жанашырлық танытып, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әрбір тұрғынның ортақ міндеті екенін атап өтті.