
Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығында медиастудияның ашылу рәсімі өтті. Жаңа студия діни сауаттылықты арттыруға, деструктивті ағымдарға қарсы сапалы медиаконтент дайындауға мүмкіндік береді.
Ашылу шеңберінде «Қазақ халқының діни сенімі, діни танымы және діни тәжірибесі» атты кітаптың тұсаукесері де өтті. Еңбек қазақ халқының рухани дүниесін, діни дәстүрлері мен тарихи тамырларын зерделейді. Кітап дін саласындағы мамандарға, зерттеушілерге және кең оқырман қауымына арналған.
Іс-шараға рухани өкілдер, басқарманың ардагер қызметкерлері және қоғам өкілдері қатысты. Қонақтар медиастудияның ашылуын және кітаптың жарық көруін мақұлдап, бұл бастаманың діни сауаттылықты арттырудағы маңызын атап өтті.