Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 12-18 мамыр күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аталған кездесу жұмыстарының мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.
Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 600-ден астам адам қамтылды.
Аталған іс-шараға: Айтаев Икрам Сатыбалдыұлы – Шымкент қаласының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог-маманы, Халықов Медет Мұзапбарұлы – Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры, Шоманов Болат Шаймолданұлы – Гуманитарлық ғылымдар магистрі, дінтанушы, Сабырұлы Әбілхайыр – Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында «Түзету мекемелерінде діни білім алуда ескерілуі керек маңызды мәселелер», «Зайырлылық принципі және еліміздің дін саласындағы мемлекеттік саясаты», «Деструктивті діни ағым ұстанушыларының шартты белгілері және олардан сақтану жолдары», «Зайырлылық принципі және дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні», «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында жергілікті тұрғындар, мектеп оқушылары, студент жастар, қандастар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар және т.б. тұрғындар қамтылды.