
2026 жылдың 30 сәуір күні 1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы тарапынан діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы аясында өңірдегі түрлі конфессиялар өкілдерінің кездесуі ұйымдастырылды.
Шақырылғандардың алдында сөз сөйлеген басқарма басшысы Е. Ақбай 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні - адамдарды біріктіруге арналған жасампаз мереке, кез келген ұлт пен ұлысқа құрмет пен төзімділік Қазақстанға достық және қазіргі заманғы мемлекет мәртебесін сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бұдан әрі кездесуде өңірде діни қызметті жүзеге асыратын ислам, православиелік, католиктік, протестанттық бағыттағы діни бірлестіктердің басшылары мен өкілдеріне сөз беріліп, олармен қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының гүлденуіне ықпал ететін ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтаудың маңыздылығы туралы сөздер айтылды. Дін басшылары бір-бірін келе жатқан мерекемен құттықтап, мереке көпұлтты елдегі бейбіт өмір үшін қажеттігін, адамдарды халықтардың тарихы мен мәдениетімен таныстырып қана қоймай, оларды біріктіріп, тиімді және достық көпұлтты қоғам құратынын жеткізді.
Жиынның екінші жартысында іс-шараға қатысқан дін өкілдері «Көне Тараз» тарихи-мәдени алаңына шығып, Қазақстан халқының бірлігі ары қарай ұлғаюына арналған флешмобқа қатысты.
Жиын соңында облыс халқының рухани құндылықтарының дамуына және конфессияаралық келісімін нығаюына қосқан елеулі үлестері үшін ислам және христиан бағытындағы дін басшылары басқарма басшысының Алғыс хаттармен марапатталды.