Дін істері басқармасының 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі қаралды

Дін істері басқармасының 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі қаралды

Облыс әкімінің орынбасары С.Сәлемовтың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде облыстық дін істері басқармасының басшысы С.Мыңбаев Басқарманың жылдық қорытынды есебі және алдағы жоспарлары туралы баяндама жасады.

Басқарма басшысы баяндамада діни экстремизм мен терроризмге қарсы алдын алу шаралары, өңірде мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасты нығайту, конфессиялар арасындағы өзара келісім әрекеттестігін дамыту, зайырлылық қағидатының сақталуын қамтамасыз ету бағыттарында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Жиын барысындаоблыс әкімінің орынбасарыменинтернет желілерінде теріс діни идеологияларға қарсы одан әрі профилактикалық жұмыстарды күшейту, арнайы шешімі жоқ ғибадат үйлерінің құжаттарынреттеуді тездету және өңірдегі конфессияаралық келісімді одан әрі нығайту туралы тиісті тапсырмалар берді.