
2025 жылдың 19 желтоқсанында облыс әкімдігі дін істері басқармасы жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің (бұдан әрі - Кеңес) кезекті отырысы өтті.
Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес Меркі ауданы әкімінің орынбасары М.Өмірбектің «Меркі ауданы аумағындағы діни ахуал туралы» және Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Б.Тұрсынбектің «Т.Рысқұлов ауданы аумағындағы діни ахуал туралы» тақырыптағы баяндамалары тыңдалды.
Кеңес отырысы барысында аудандардағы өзекті мәселелер қаралып, Кеңес мүшелерімен сұрақтар қойылып, баяндамашылар тарапынан тиісті жауаптар берілді.
Отырыстың кезекті сұрағы бойынша облыс әкімдігі дін істері басқармасы жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы ұсынылды. Кеңес мүшелерімен аталған жоспар жобасы талқыланып, өзгерістер енгізіліп, мақұлданды.
Жиынның соңында Кеңес отырысына төрағалық еткен облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы С.Мыңбаев діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу жұмыстарын ары қарай жалғастыру қажет екендігін атап өтті.