Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау

Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Жамбыл облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерінеарналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды.

Ағымдағы жылдың 4-5қарашасындаТараз қаласының Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің мәжіліс залындаҚазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ- ның қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымендін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шараөтті. Шараға Дін зерттеу орталығының, мешіттердің, орта және жоғары оқуорындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары мен теологтарықатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері –Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысыЖақыпов Ерзат Жасқанбайұлыжәне Заң ғылымдарының профессоры. ҚР терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының ҚҚ басшысыБишманов Кәкімжан Мұратжанұлысеминар оқыды.

Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық-түсіндіру топтарының аудиторияға жеткізу әдісі» тақырыбындағы семинар-тренинг барысында қатысушыларға дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттары мен оның қоғамдағы маңыздылығы түсіндірілді. Семинар аясында ақпараттық-түсіндіру топтарының халықпен жұмыс жүргізу кезіндегі тиімді әдіс-тәсілдері, аудиторияның ерекшелігіне қарай ақпаратты бейімдеу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, тренингте нақты мысалдар арқылы діни тақырыптағы ақпаратты дұрыс жеткізу, түсіндірудің заманауи коммуникациялық құралдарын пайдалану және сенімге негізделген диалог орнату тәсілдері қарастырылды. Іс-шараның нәтижесінде қатысушылар қоғамдағы рухани тұрақтылық пен келісімді нығайтуға бағытталған практикалық дағдыларды меңгерді.

Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы «Дін саласындағы заңнамалық актілер. Қазақстанның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының негіздері» және «Қазақстан Республикасындағы діни конфессиялар» тақырыптарында семинар өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар дін саласын реттейтін негізгі заңдармен, мемлекеттік саясаттың басты қағидаттарымен және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі құқықтық тетіктермен танысты. Сонымен қатар, еліміздегі діни конфессиялардың қызметі, олардың өзара қарым-қатынасы мен конфессияаралық келісімнің маңызы талқыланды. Семинардың мақсаты – қатысушылардың құқықтық және діни сауаттылығын арттырып, қоғамдық бірлік пен бейбітшілікті сақтау мәдениетін нығайту болды.

Сонымен қатар, семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылартарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды