Облыс әкімінің орынбасары С.Сәлемов облыс имамдарымен кездесу өткізді

Облыс әкімінің орынбасары С.Сәлемов облыс имамдарымен  кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 6 қараша күні облыстық «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ғимаратында облыс әкімінің орынбасары С.Сәлемовтың төрағалығымен облыс имамдарымен кездесу шарасы өтті. Шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мешіт имамдарымен қатар, облыстық ардагерлер және қоғамдық кеңестердің төрағалары, облыс әкімдігінің дін істері, ақпарат және қоғамдық даму, мәдениет және тілдерді дамыту, білім басқармаларының басшылары қатысты. Жиын барысында облысымыздағы діни тұрақтылықты одан ары нығайта отырып, теріс діни идеологиялардың алдын алу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Заң мен тәртіп» қағидаты, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының іске асуына атсалысу мәселесі көтерілді.