2025 жылдың қазан айының 16-сы күні Жамбыл облысы аумағында қызметін жүзеге асыратын өңірдің барлық конфессияларының діни бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы «РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ» арналған діни бірлестіктердің өкілдері мен дін саласындағы сарапшылардың кездесуін өткізді.
Аталған кездесуге өңірдегіТараз қаласы мен барлық аудандарының Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілдері, Христиан бағытындағы діни бірлестіктердің өкілдері, қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімінің басшылары, «Қоғамдық келісім» КММ-сі мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы, психолог және теолог мамандары, облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мен БАҚ өкілдері қатысып, 130-ға жуық адам қамтылды.
КездесугеАстана қаласындағы Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Дінтану зерттеулері департаментінің директоры Липина Татьяна Александровна, Орталықтың Талдау және мониторинг департаментінің бас сарапшысы Жақиянов Дулат Жәрдемқұлұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының доценті Тышханұлы Кеңшілік, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті Философия және саясаттану кафедрасының меңгерушісі Кульбаева Дина Дюсебаевнақатысып, арнайы баяндамаларын оқыды.Кездесуге қатысушылар спикерлердің «Қазақстанның рухани әралуандығы – ынтымақ пен татулық жолы», «Бейбітшілік пен бірлік – рухани келісім негізі», «Толеранттылық мәдениеті – қоғамдық келісім кепілі», «Қоғамдық сана мен рухани мәдениет: Жаһандану дәуіріндегі құндылықтар» тақырыптарда оқылған дәрістеріне белсенді қатысып, өз пікірлерімен алмасты.
Кездесу барысында қатысушылар «Рухани келісім күні» мерекесіне орай құттықтауларымен алмасты, сондай-ақ өңірдегі түрлі конфессиялар мен этностар өкілдерінің өзара түсіністігін, бір-біріне төзімді қарым-қатынасын одан әрі дамыту үшін осындай кездесулерді алдағы уақытта да өткізуге тілектестіктерін білдірді.