Кәмелетке толмағандар арасында деструктивті діни идеологияның таралуын алдын алу және болдырмау жөнінде семинар өтті

Кәмелетке толмағандар арасында деструктивті діни идеологияның таралуын алдын алу және болдырмау жөнінде семинар өтті

2025 жылғы қыркүйек айының 24 күні Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандар арасында деструктивті діни идеологияның таралуын алдын алу және болдырмау мақсатында  облыстағы орта білім беретін мектептері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары және психологтарына, Тараз қаласы және облыс аудандары білім бөлімдерінің  мамандарына, спорт мектептердің жаттықтырушылары мен мамандарына арналған  облыстық  оқыту семинары өткізілді.

Аталған семинарға 150-ге жуық адам қатысты.

Оқыту семинарын арнайы шақырылған республикалық маңызы бар лекторлар, атап айтқанда ҚР Президенті жанындағы МБА Қызылорда облысы бойынша филиалының доценті, психология ғ.к., РАТТ мүшесі Аяғанова Алмагүл Жанділдәқызы, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи мәдени мұзей қорығы», Ясауитану ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері, PhD докторы,  Ботақараев Бауыржан Қуанышбайұлы және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дүйсенбаев Базарбай Рысбайұлы  жүргізіп, актуалды тақырыптарда дәрістер оқыды.

Дәрістер тақырыптарының бірі –«Біртұтас тәрбие бағдарламасы-болашақ бағдаршамы»болса, келесісі – «Жасөспірімнің құндылықтары: оларды түсінуге және қалыптастыруға қалай көмектесуге болады?» және «Деструктивті діни идеологияға қарсы профилактика: төл діни танымның аксиологиялық және әдіснамалық өлшемдері»  - тақырыптарында өтті.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталады.