Сарысу мен Талас аудандарының діни ахуалының жай күйі талқыланды

Сарысу мен Талас аудандарының діни ахуалының жай күйі талқыланды

2025 жылдың 27 маусымында облыс әкімдігі дін істері басқармасы жанындағы Діни Кеңес отырысы өтті. Жиынға Кеңес мүшелері мен шақырылған дін саласына қатысты тиісті мекемелер қатысты. Күн тәртібі бойынша Сарысу мен Талас аудандарындағы діни ахуалдың жай күйі талқыланды. Кеңес мүшелерімен сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды. Отырыс соңында облыс әкімдігі дін істері басқарма басшысы С.Мыңбаев алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдары діни ахуалдың тұрақтылығын сақтау үшін бірлескен жұмыстарды жалғастыруды ұсынды.