Діни бірлестіктер басшылары Клубының жиыны өтті

Діни бірлестіктер басшылары Клубының  жиыны өтті

2025 жылдың 16 маусымында облыс әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Діни бірлестіктер басшылары Клубының отырысы өтті.

Аталған іс-шараға облыс аумағында жұмыс атқаратын ислам және христиан бағытындағы діни бірлестіктер мен филиалдардың басшылары мен өкілдері қатысты.

Клуб отырысының негізігі тақырыбы «Дін мен заң сабақтастығы» белгіленіп, онда мемлекетіміздің дін саласындағы заңнамаларның талаптарын түсіндіру, лудомания, нашақорлық, интернет желісіндегі деструктивті діни ақпараттар тарату мен  жалған хабарлама таратудың қауіпі мәселелері, ысрапшылдық және басқа да тақырыптар талқыланды.

Сонымен бірге, діни бірлестіктер мен филиалдарының өкілдеріне түрлі сенімдер мен діндерді ұстанушылар арасында конфессияаралық және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту, өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту,бір-біріне деген толерантты қатынасты одан әрі жетілдіру жайлы сөздер айтылды.