2026 жылдың 5 қыркүйек күні облыс әкімдігі дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Президенттің Жолдауында ұсынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті.
Тазалық жұмыстары Талас өзенінің бойында жүргізілді. Экологиялық акцияға Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Е.Ақбай басқарған ұжымы қатысып, өзен жағалауын тазарту жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге, аталмыш акцияға Тараз қаласында орналасқан діни бірлестіктер өкілдері өз үлесін қосты. Сол сияқты, ислам және христиан бағытындағы діни өкілдері, келушілер тазалау жұмыстарына белсенді қатысты.
Еркебұлан Ақбай, мұндай экологиялық акциялардың қоршаған ортаны қорғаудағы және қала тазалығын сақтаудағы маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, табиғатқа жанашырлық танытып, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әрбір тұрғынның ортақ міндеті екенін атап өтті.
Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығында медиастудияның ашылу рәсімі өтті. Жаңа студия діни сауаттылықты арттыруға, деструктивті ағымдарға қарсы сапалы медиаконтент дайындауға мүмкіндік береді.
Ашылу шеңберінде «Қазақ халқының діни сенімі, діни танымы және діни тәжірибесі» атты кітаптың тұсаукесері де өтті. Еңбек қазақ халқының рухани дүниесін, діни дәстүрлері мен тарихи тамырларын зерделейді. Кітап дін саласындағы мамандарға, зерттеушілерге және кең оқырман қауымына арналған.
Іс-шараға рухани өкілдер, басқарманың ардагер қызметкерлері және қоғам өкілдері қатысты. Қонақтар медиастудияның ашылуын және кітаптың жарық көруін мақұлдап, бұл бастаманың діни сауаттылықты арттырудағы маңызын атап өтті.
Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Ақбай Еркебұлан Ахметұлы 2026 жылдың 04 тамызында сағат 16.30-дан 18.00 дейін азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдайды.
Жеке қабылдау Тараз қаласы, Абай көшесі, №127 мекен-жайда өтеді. 8(7262)43-88-28 телефон номері арқылы алдын-ала жазылсаңыздар болады.
Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасында 2026 жылғы 29 шілде күні ислам және христиан бағытындағы діни бірлестіктердің басшылары мен өкілдерінің қатысуымен «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді.
«Дөңгелек үстел» барысында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық қағидаттарын нығайту, құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтық жауапкершілікті дамыту мәселелері талқыланды.
Іс-шарада спикер ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің маманы Ернар Нұрболұлы және «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Назима Дәрменқызы баяндама жасап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық қағидаттарын қоғамда кеңінен насихаттау және әр азаматтың құқықтық жауапкершілігін арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Осындай іс-шаралар қоғамда адалдық пен әділдік құндылықтарын нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Ақбай Еркебұлан Ахметұлы 2026 жылдың 07 шілдесінде сағат 16.30-дан 18.00 дейін азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдайды.
Жеке қабылдау Тараз қаласы, Абай көшесі, №127 мекен-жайда өтеді. 8(7262)43-88-28 телефон номері арқылы алдын-ала жазылсаңыздар болады.
Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау 2026 жылғы 25 маусымында өтетінін хабарлайды.
2026 жылдың 19 маусымында Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Е.Ақбайдың төрағалығымен «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік тәртіпті нығайту және дін саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиын өтті.
Жиынға дін істері басқармасы мен дін проблемаларын зерттеу орталығының барлық қызметкерлері қатысты.
Жиында Мемлекет Басшысының заң үстемдігін нығайтуға бағытталған «Заң мен тәртіп» қағидатының маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, әдеп нормаларын сақтау және дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері қаралды.
Жиын қорытындысы бойынша хаттама әзірленіп, қызметкерлерге заңдылық қағидаттарын қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, әдеп кодексінің талаптарын орындау, сондай-ақ дін саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы барлық азаматтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтайды.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылғы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
2026 жылғы 4 маусымда Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы ұжыммен бірге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындады.
Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес 2026 жылдың 15 мен 19 маусым аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға бағытталған.
Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Ақбай Еркебұлан Ахметұлы 2026 жылдың 02 маусымында сағат 16.30-дан 18.00 дейін азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдайды.
Жеке қабылдау Тараз қаласы, Абай көшесі, №127 мекен-жайда өтеді. 8(7262)43-88-28 телефон номері арқылы алдын-ала жазылсаңыздар болады.