Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 30 сәуірдегі №258/НҚ бұйрығымен жаңартылған «ақылды» қалаларды құру әдістемесі бекітілді. Әдістемеге сәйкес «Ақылды қаланы» құру бастамаларын іске асыру мақсатында жұмыс тобы құрылды.
«Ақылды» қала жобаларының базалық көрсеткіштерінің тізімі анықталды. 22 базалық жоба және 5 қосымша жоба, барлығы 27 жоба.
2024 жылы облыс әкімі өкімімен «Ақылды» қаланы құру әдістемесіндегі бастамаларды іске асыру бойынша Жол картасы бекітілді.
Негізгі бастамалар 6 саладан тұрады:
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласы;
Көлік және логистика саласы;
Әлеуметтік сала;
Инновациялық экожүйе саласы;
Қауіпсіздік саласы;
Қаланы басқару саласы.
Қосымша бастамалар 5 саладан тұрады:
Туризм саласындағы «Taraz tour;
Байланыс саласында «Wi-Fi - мен қамту»;
Қаланы басқару саласында «Ахуалдық орталық»;
Мәдениет саласында «Кітапханаларды цифрландыру»
Қауіпсіздік саласында «Террористік тұрғыдан осал объектілеріндегі өрттердің алдын алудың орталықтандырылған жүйесін құру».
Алдыңғы жалдар рейтингі келесідей болды.
2022 жылға көрсеткіш – 45%.
2023 жылға көрсеткіш 51%.
2024 жылғы бағалау осы жобалар бойынша биыл ақпан айында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен жүргізіледі.
2025 жылы «Ақылды» қаланы құру жол картасында көрсетілген жобаларды іске асыру бойынша облыс әкімінің төрағалығымен кеңес өтті, сонымен қатар Тараз қаласы әкімінің төрағалығымен кеңес өтті.
Жиындарда мүдделі тараптармен бірлесіп жол картадағы іс-шаралардың орындалу барысы мен проблемалық мәселелер талқыланды.