Цифрландыру үдерісі қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі

Цифрландыру үдерісі қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі
✅Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында цифрландыру үдерісі қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі екенін атап өткен болатын.
🔻Цифрландыру саласына серпін беру мақсатында облысымызда да бүгінге дейін қол жеткізілген табыс аз емес.
🔺Мысалы, ауылдық елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету мақсатында аудандармен келісіліп нақтыланған 74 елді мекен бойынша Жол картасы әзірленді.
🔹Жалпы облыстағы барлығы 371 елді мекеннің 185 талшықты оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етілген.
🔸Елді мекендерді мобильді байланыспен қамтамасыз ету бойынша жоспардың орындалуы да басты назарда. Бүгінгі таңда 367 ауылдық елді мекеннің 76 – 2G, 140 - 3G төмен жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген. Қалған 150 елді мекен – жоғары жылдамдықты (4G) мобильді интернет желісіне қосылған.
❗Қазіргі таңда, «Кар-Тел» ЖШС жалпы жоспарланған 60 елді мекеннің 52-де 4G-мен қамту жұмыстарын жүргізді.Қалған 8 елді-мекенде базалық станция орнату жұмыстары жалғасын табуда.
⚡Сонымен қатар «Кcell» акционерлік қоғамы тарапынан 27 елдімекенді қамту жоспарланған болатын. Оның ішінде, 4G мобильді байланысымен қамтамасыз етуге жоспарланған 16 елді мекеннің барлығында тиісті жұмыстар аяқталды.
📌Ал 3G мобильді байланысымен қамтамасыз етуге жалпы жоспарланған 11 елді мекеннің жетеуінде межелі міндеттер толық орындалды.
🛑Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша интернет желісімен қамтамасыз етілмеген елдімекендер саны 11 (халық саны 3 009) болатын.
📍Бүгінгі таңда Алайғыр және Құлақшын ауылдарына «Транстелеком» акционерлік қоғамы талшықты-оптикалық байланыс желісін, «Транстелеком» АҚ-ы Үлкен Көкдала ауылында 10 үйді және Кіші Көкдала ауылында 3 үйді және Шағалалы ауылында 30 үйді жалпы 43 үйді 10 мбит/сек жылдамдықты интернетпен қамтыған.
Құмарық ауылын «Билайн» ЖШС мобильді интернет желісімен қамтыды.
Нәтижесінде 11 елді мекеннің алтауы интернет және мобильді байланысқа қол жеткізді. Қалған 5 елді мекен бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Мұның бәрі де цифрландыру үдерісін жеделдету бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың бір бөлігі. Ауқымды міндеттер алдағы уақытта да кезең-кезеңімен іске аса беретін болады.