Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында IT Академиясы ашылды

Бүгін  Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында IT Академиясы ашылды
🔰Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында IT Академиясы ашылды.
 
IT Академиясының ашылуына облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасы, білім басқармасы, Жамбыл облысы "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, қалалық білім бөлімі және "Novacom Technology" ЖШС басшылары қатысты.
Академияның басты мақсаты - білім алушыларда ХХІ ғасырдың дағдылары мен құзыреттіліктеріне бейімдеу, ақпаратпен жұмыс істей білу, технологиялық дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
ІТ құзыреттіліктерге ие болған мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының түлектеріне болашақта нарықтық экономиканың үрдісіне тиімді енуге және де кәсіби ынтымақтастық пен бәсекелестік жағдайында табысқа жетудің қосымша мүмкіндіктері беріледі, сондай-ақ білім алуды тиімді жалғастыру үшін олардың әлеуеті де артады.
IT Академиясында білім алушылардың әртүрлі санаттарына, атап айтсақ, 10 жастан 50 жасқа дейін барлығына қолжетімді ыңғайлы, ашық кәсіби және жеке даму жүйесі берілетін болады.
2021 жылғы 1 қыркүйекте Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында Республикада цифрландыру саласын артыруға ерекше назар аударды.
Ағымдағы жылы 2021-2025 жылдарға арналған «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» жаңа ұлттық жобасы бекітілді.
Солардың бірі, Республика бойынша 100 000 жаңа жұмыс орнын құру жөніндегі міндетке ерекше назар аударылуда.
Өз кезегінде облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нокрабеков.Р Жамбыл облысында 2025 жылға дейін IT технологиялар саласында 268 жаңа тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланғанын және бүгінгі танда, 30 тұрақты жұмыс орны ашылып, облыстың жас IT мамандары жұмыспен қамтылғанын атап өтті.