"Jambyl 109" бірыңғай диспетчерлік қызметіне 3 жыл

"Jambyl 109" бірыңғай диспетчерлік қызметіне 3 жыл

Облысымыздың коммуналдық саласындағы өзекті мәселелердің шешімін табуына қызмет ететін «Jambyl 109» бірыңғай диспетчерлік қызметіне 3 жыл толды.

«Jambyl 109» бірыңғай диспетчерлік қызметі бүгінде облыс тыныс-тіршілігінің шұғыл емес сипаттағы 1000-нан астам мәселелерін қамтиды.

20-дан астам қызметкері бар «Jambyl 109» мекемесі тәулік бойы өңір жұртшылығына үздіксіз жұмыс істеп, әр тұрғынның мәселесін қоғам назарына ұсына отырып, заң аясында лезде орындалуына ықпал етіп келеді.

Әр жыл сайын аймақ халқының 60 мыңнан астамы бірыңғай диспетчерлік қызметіне жүгінеді.

Осы орайда, бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Масқауұлы «Jambyl 109» мекемесіне арнайы барып, 3 жылдық мерекемен бірқатар қызметкерлерді басқарма атынан марапаттады. Сондай-ақ, ұжымның жұмысына жаңаша өзгерістер мен табанды еңбек ету жолында шығармашылық табыс тіледі.