Жамбыл облысында байланыс пен интернет сапасы артады: Tele2/Altel-мен меморандумға қол қойылды

Жамбыл облысында байланыс пен интернет сапасы артады: Tele2/Altel-мен меморандумға қол қойылды

Tele2/Altel мен Жамбыл облысының әкімдігі телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және байланыс пен интернеттің қолжетімділігін арттыру бойынша меморандумға қол қойды.

Құжат аясында желіні дамыту жобалары жүзеге асырылады, сондай-ақ әкімдік тарапынан рұқсат рәсімдері, инфрақұрылымға қосылу және үйлестіру жұмыстарына қолдау көрсетіледі.

Бұл қадам өңірдің цифрлық дамуына серпін беріп, халықтың өмір сапасын арттыруға және заманауи байланыс қызметтерінің қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.