«Өз кәсібінің үздігі» байқауының І кезеңі өтті

«Өз кәсібінің үздігі» байқауының І кезеңі өтті
Жамбыл облысында денсаулық сақтау және фармацевтика саласының қызметкерлері арасында «Өз кәсібінің үздігі» байқауының І (бірінші) кезеңі өтті.
Аталған байқау — сала мамандарының кәсіби шеберлігін бағалап, олардың еңбегін кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды бастама.
Өңірлік іріктеу барысында арнайы құрылған комиссия үміткерлердің кәсіби біліктілігі мен атқарған жұмыстарын саралап, үздіктерді анықтады. Нәтижесінде өз ісіне адал, жоғары жауапкершілік танытқан мамандар келесі республукалық кезеңге жолдама алды.
Бұл байқау медицина қызметкерлерінің қоғамдағы беделін арттырып, саладағы озық тәжірибелерді дәріптеуге жол ашады.