Ол болашақ ана мен баланың денсаулығын оңтайландыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды қамтиды.
МҰНДАЙ ІС-ШАРАЛАРҒА МЫНАЛАР ЖАТАДЫ:
Жүктілікке әсер етуі мүмкін ауруларды анықтау үшін гинекологтың және басқа мамандардың қарап-тексеруі.
Жүктілік кезінде нәрестеге берілуі мүмкін инфекциялар мен вирустарға тест жүргізу.
Баланың сау дамуы үшін барлық қажетті дәрумендер мен минералдардан тұратын оңтайлы тамақтануды таңдау.
Болашақ ананың денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектесетін тұрақты жаттығулар.
Темекі шегу және алкогольді ішу сияқты жаман әдеттерден бас тарту.
Дәрігер ұсынған дәрумендік кешендерді қабылдау.
Психологиялық дайындық-осы кезеңнен өткен басқа әйелдермен әңгімелесу, арнайы әдебиеттерді оқу және психологпен кеңесу.
Бұл шаралардың барлығы әйелге жүктілік пен босануға дайындалуға, сондай-ақ болашақ нәресте үшін сау бастаманы қамтамасыз етуге көмектеседі.
Қордай аудандық орталық ауруханасы пре́дгравидарлық дайындық модулін іске қосуға дайындалуда.
Қордай аудандық орталық ауруханасы медициналық қызмет сапасын жетілдіру аясында пре́дгравидарлық дайындық модулін енгізуге дайындық жұмыстарын аяқтап жатыр. Бұл жаңа қызмет бала жоспарлап жүрген репродуктивті жастағы (19-49 жас ) әйелдерді қолдауға бағытталған.
Пре́дгравидарлық дайындық модулі болашақ ана мен нәрестенің денсаулығын қорғауға арналған кешенді шараларды қамтиды. Аталған модуль аясында 19 және 49 жас аралығандағы бала тууды жоспарлап жүрген әйелдер бейінді мамандардың кеңестерін алып, қажетті зертханалық тексерулерден өтіп, ағзаны жүктілікке қалай дұрыс дайындау керектігін үйрене алады.
Бұл модульдің енгізілуі аудан тұрғындарына ана мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Қызметтің ресми түрде іске қосылуы мен толық ақпарат жақын арада жарияланады.